Еңбек жолы 2026
Орал қаласында 2026 жылғы «Еңбек жолы» байқауының
облыстық кезеңіне қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті

«Еңбек жолы» конкурсының маңызы ерекше. Бұл – өз ісіне берілген, кәсіби шеберлігімен ерекшеленген, ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан азаматтарды қоғамға танытатын тағылымды жоба.

Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысының өзіндік еңбек жолы, өмірлік тәжірибесі және кейінгі ұрпаққа айтар өнегесі бар. Бірі – бірнеше буыннан жалғасқан еңбек әулетінің дәстүрін сақтап келеді. Екіншісі – жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісуде. Үшіншісі – таңдаған мамандығында ізденіп, жаңа жетістіктерге ұмтылған жас маман.
Биыл байқаудың облыстық кезеңіне 34 үміткер қатысты. Атап айтқанда, «Үздік еңбек әулеті» аталымында 7, «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында 12, «Өндірістің үздік жас маманы» аталымында 15 үміткер бақ сынады.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, жеңімпаздар:

1) «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша:

1. Мұқановтар әулеті – еңбек өтілі - 185 жыл, Тасқала ауданы; Шопандар әулеті
2. Казиевтер әулеті – еңбек өтілі - 394 жыл, Теректі ауданы; Теміржолшылар әулеті
3. Қуанышқалиевтер әулеті – еңбек өтілі - 222 жыл, Теректі ауданы; Ұстаздар әулеті

2) «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша:

1. Наушанова Ляззат Маликовна – Орал қаласы; ШЖҚ «№1 Қалалық емханасы» МКК - да жұмыс жасайды.
2. Мамбеталиева Дина Урынгалиевна – Бәйтерек ауданы; Орталықтандырылған кітапханасында жұмыс жасайды.
3. Кайратова Гульнур Кайратовна – Казталов ауданы; Ахмедияр Хұсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс жасайды.

3) «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша:

1. Нернов Дмитрий Константинович – Орал қаласы; «Орал құс фабрикасы» ЖШС-да жұмыс жасайды.
2. Исентай Саян Мартынулы – Бөрлі ауданы; «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясында жұмыс жасайды.
3. Сабыров Айбек Айбулатұлы – Бөкей ордасы; «Орда» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жұмыс жасайды.
Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз залға жиналған еңбек адамдарының қоғамдағы рөліне тоқталып, оларға аймақ басшысы Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қай кезеңде де елдің тірегі – еңбекқор азаматтар», – деп атап өткен болатын. Бүгінде еңбекқорлық, кәсібилік пен жауапкершілік «Адал азамат» қағидатының негізгі құндылықтарына айналып отыр. Елге қызмет етудің ең абзал жолы – адал еңбек ету, – деді Нұрділдә Ораз.

22.09.2026ж, Орал қаласы
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda