«Ана мектебі» ҚҚ №181 мектептің 1 «Ж» сынып оқушыларына дұрыс тамақтану мәдениеті бойынша семинар өткізді.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен жалпы білім беретін №181 мектептің 1 «ж» сынып білім алушылары арасында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, үйлесімді рационның қағидаларын және тағам өнімдерін дұрыс таңдауға бағытталған «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді.

Семинардың мақсаты өскелең ұрпақта салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы денсаулықты нығайту, білімді болу, жетістікке жету мүмкіндігін түсіндіру. Зиянды әдеттерден бас тартып, белсенді өмір сүрудің маңыздылығы туралы баяндалды.

Дәрісті оқыған: Чуенбекова Ардақ Байбараққызы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауым.профессоры, м.ғ.к.
18.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda