№224 мектептің 7-сынып оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану – үздік білімге бастар жол!" тақырыбында кең профилактикалық кездесу өтті.
Жасөспірімдерге өсу мен даму кезеңіндегі теңгерімді тамақтанудың маңызы түсіндіріліп, ақуыз, май, көмірсу, дәрумендер мен минералдардың ағза үшін атқаратын қызметі туралы айтылды. Оқушылармен өзара байланыс орнатылып, олардың ойлары тыңдалды.
Сонымен қатар дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыру, тағам құрамына мән беру және күнделікті ас мәзірін тиімді жоспарлау мәселелері қозғалды. Оқушылар өз тамақтану кестесімен ой бөлісті