№224 мектептің 11-сынып оқушыларына "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен "Дұрыс тамақтану – үздік білімге бастар жол!" тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.
Болашақ мамандық таңдап, үлкен өмірге қадам басуға дайындалып жүрген түлектерге дұрыс тамақтанудың денсаулыққа, ойлау қабілетіне, есте сақтау мен зейін қоюға әсері туралы маңызды ақпарат берілді.
Кездесу барысында емтиханға дайындық кезеңінде тамақтану тәртібін сақтау, таңғы астың маңызы, пайдалы тағамдарды таңдау, фастфуд пен энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтынудың зияны талқыланды.