Денсаулық пен пайдалы әдеттер:
7-сынып оқушыларына арналған шара
№224 мектептің 7-сынып оқушыларына «Ана мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Дені сау болу сәнді" тақырыбында ақпараттық-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау және зиянды әдеттердің алдын алу – бүгінгі күннің маңызды міндеттерінің бірі.

Іс-шара барысында оқушылар денсаулықты нығайтудың тиімді жолдары, спорт пен қозғалыстың пайдасы, дұрыс тамақтану, ұйқы режимі және зиянды әдеттерден бас тарту туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, денсаулыққа қатысты саналы таңдау жасаудың маңыздылығы талқыланды.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
10.11.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda