Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша " Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау аясында қаланың жалпы білім беретін № 181 мектептің 3 «Ә» сынып білім алушылары арасында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, үйлесімді рационның қағидаларын және тағам өнімдерін дұрыс таңдауға бағытталған «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді.
Семинардың мақсаты өскелең ұрпақта салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы денсаулықты нығайту, білімді болу, жетістікке жету мүмкіндігін түсіндіру. Зиянды әдеттерден бас тартып, белсенді өмір сүрудің маңыздылығы туралы баяндалды.