«Ана мектебі» ҚҚ №181 мектептің 2 «К» сынып оқушыларына дұрыс тамақтану мәдениеті бойынша семинар өткізді.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Ана мектебі" ҚҚ салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында қаланың жалпы білім беретін №181 мектептің 2 «к» сынып білім алушылары арасында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, үйлесімді рационның қағидаларын және тағам өнімдерін дұрыс таңдауға бағытталған «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты өскелең ұрпақта салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы денсаулықты нығайту, білімді болу, жетістікке жету мүмкіндігін түсіндіру. Зиянды әдеттерден бас тартып, белсенді өмір сүрудің маңыздылығы туралы баяндалды.
19.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda