«Ана мектебі» ҚҚ №93 мектептің 3-4 сынып оқушыларына дұрыс тамақтану бойынша семинар өткізді.
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен жалпы білім беретін №93 мектептің 3 және 4 - сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір сүру қағидаларымен таныстыру

Мазмұны: Дұрыс тамақтану, тамақтанудың денсаулыққа, білім сапасын жақсартуға тигізетін ролі, созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алуда зиянды тағамдардан бас тарту, дене белсенділігінің ролі туралы ақпарат берілді. Семинар барысында интерактивті оқыту әдістері (кері байланыс, сергіту жаттығуы) қолданылды.

14.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda