Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жалпы білім беретін №93 мектептің 9 - сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір сүру қағидаларымен таныстыру.
Мазмұны: Дұрыс тамақтану, тамақтанудың денсаулыққа, білім сапасын жақсартуға тигізетін ролі, созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алуда зиянды тағамдардан бас тарту, дене белсенділігінің ролі туралы ақпарат берілді.