Темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен дүниежүзілік темекісіз күнге орай Алматы сән және қызмет көрсету колледжінде «Темекі шегудің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында «Темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» ұранымен акция ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты - студенттер арасында темекі шегудің зияны туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Акция барысында колледж студенттеріне темекі мен никотин өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін кері әсері туралы мәліметтер беріліп, денсаулықты сақтау мен нығайтудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жастарды спортпен шұғылдануға, дұрыс тамақтануға және белсенді өмір салтын ұстануға шақыру жұмыстары жүргізілді.

Алматы сән және қызмет көрсету колледжі жастардың денсаулығын сақтау, зиянды әдеттердің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз! 🚭🇰🇿
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
20.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda