Балалар – біздің болашағымыз
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2026 жылғы 1 маусымда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Алматы қаласындағы Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Балалар – біздің болашағымыз» атты акция өтті.

Іс-шараны Алматы қалалық Адам репродукциясы орталығы, №5 Қалалық емхана, Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы және «Ана мектебі» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.

Акцияның мақсаты - балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға қолдау көрсету, ата-аналардың аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және отбасы құндылықтарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттылығын арттыру.

Іс-шара барысында балалар мен олардың ата-аналары үшін:

🔹 медициналық мамандардың кеңестері;
🔹 балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;
🔹 салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық әңгімелер;
🔹 балаларға арналған интерактивті алаңдар мен танымдық іс-шаралар;
🔹 ақпараттық-білім беру материалдарын тарату ұйымдастырылды.

Халықаралық балаларды қорғау күні – әрбір баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын еске салатын ерекше мереке. Ұйымдастырушылар ата-аналарды балалар денсаулығына ерекше көңіл бөліп, ерте жастан бастап өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға шақырады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
01.06.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda