Алматы қаласы Аналар кеңесінің өкілдері нашақорлықтың, лудоманияның және олардың теріс салдарының алдын алу мақсатында "Ана мектебі" ҚҚ бірге Шетел тілдері педагогикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесуге ҚХА Республикалық Аналар кеңесінің және Алматы қаласы Аналар кеңесінің мүшесі Мұхаммад Анна Павловна, сондай-ақ психиатр-дәрігер Анна Александровна Трубникова қатысты.
Ашық диалог барысында жастардың табысты болуына не кедергі келтіретіні, қандай зиянды әдеттер адамның өмірлік жоспарларын бұзып, тұлғалық дамуына тосқауыл болып, тек өзіне ғана емес, туған-туыстары мен жақындарына да қиындық әкелетіні талқыланды. Нашақорлық пен лудоманияның денсаулыққа, отбасыға, білім алуға және жастардың болашақ кәсіби қалыптасуына тигізетін кері әсеріне ерекше назар аударылды.
Әңгіме барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – ысырапшылдық тақырыбы да қозғалды. Қаржылық жауапсыздық қана емес, табиғи ресурстарға, әсіресе ауыз су мен электр энергиясына ұқыпты қараудың маңыздылығы айтылды. Бүгінде бұл тек тұрмыстық мәселе емес, еліміздің болашағына тікелей әсер ететін стратегиялық ресурстар екені атап өтілді.