Астма - тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы. Дұрыс ем қабылдап, дәрігердің ұсынымдарын сақтай отырып, бұл дертпен толыққанды әрі белсенді өмір сүруге болады. Демікпе ұстамасының алдын алу - өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараудан басталады.
Астмамен өмір сүретін жандарға кеңестер:
• Дәрігер тағайындаған емді үзбей қабылдаңыз.
• Ингаляторды дұрыс қолдануды меңгеріңіз және әрдайым өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
• Темекі түтінінен, шаңнан, аллергендерден және басқа да қоздырғыштардан сақтаныңыз.
• Үй-жайды жиі желдетіп, тазалықты сақтаңыз.
• Дене белсенділігін дәрігердің кеңесіне сәйкес жалғастырыңыз.
• Тұмау мен тыныс жолдары инфекцияларының алдын алыңыз.
Егер ентігу, сырылдап тыныс алу, кеуде тұсының қысылуы немесе ұзаққа созылған жөтел мазаласа, өздігінен емделмей, дәрігерге қаралыңыз. Ерте диагностика мен уақытылы ем асқынудың алдын алады.
Денсаулығыңызды күтіңіз! Астманы бақылауда ұстап, белсенді әрі сапалы өмір сүріңіз!