Ана мектебі» ҚҚ №21 емханада дәрігерлердің денсаулығын нығайту мен СӨС насихаттауға арналған «Дені сау дәрігер – дені сау пациент» іс-шарасын өткізді.
«Дені сау дәрігер – дені сау пациент»

"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №21 емханада медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Дені сау дәрігер – дені сау пациент» тақырыбында іс-шара өтті.

Кездесу барысында дәрігердің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы, дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, эмоционалдық саулықты сақтау және кәсіби күйзелістің алдын алу мәселелері талқыланды.

Өз денсаулығына көңіл бөлетін дәрігер – пациентке үлгі бола алады. Себебі сапалы медициналық көмектің негізі – дені сау, сергек әрі кәсіби маман.

Денсаулық – әрқайсымыздың ең басты құндылығымыз. Өзімізге қамқорлық жасау арқылы қоғамның денсаулығын бірге нығайтамыз!

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
02.07.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda