Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында 2026 жылдың 2 шілдесінде №12 емханада «Бронх демікпесіз өмір сүр» атты семинар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Бронх демікпесі, оның туындау себептері, өршудің алдын алу туралы түсінікті қалыптастыру, соның ішінде салауатты өмір сүру қағидаларымен таныстыру
Мазмұны: Бронх демікпесінің алдын алуда дұрыс тамақтану, зиянды тағамдардан бас тарту, дене белсенділігінің ролі туралы ақпарат берілді. Семинар барысында сұрақ-жауап әдісі қолданылды.