«Ана мектебі» қоры Алматы қаласының №93 мектебінде 1-сынып оқушылары үшін дұрыс тамақтанудың маңызы бойынша танымдық сабақ ұйымдастырды.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласы, жалпы білім беретін №93 мектеп 1-сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану - үздік білімге жол» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Шара барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына, оқу үлгеріміне және белсенді өмір салтына әсері туралы ақпарат алды. Балалар пайдалы тағамдар мен зиянды азық-түліктерді ажыратып, дәрумендердің пайдасы жайлы қызықты мәліметтермен танысты.

Сонымен қатар, 3 «Ә» сынып оқушылары да белсенді қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Оқушылар түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы дұрыс тамақтанудың маңызын түсініп, пайдалы әдеттерді күнделікті өмірде қолдану керектігін ұғынды.

Мұндай тәрбиелік іс-шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтып,
саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлкен ықпал етеді.
13.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda