Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында №3 емханада «Қатерлі ісікке бірге қарсы тұрамыз» атты семинар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Онкологиялық аурулардың профилактикасы және оларды ерте диагностикалаудың рөлін түсіндіру
Мазмұны: Семинар барысында онкологиялық аурулардың сипаттамасы, тәуекел факторлар, оларды ерте диагностикалауда скринингтың рөлі, қатерлі ісіктердің алдын алуда салауатты өмір салтының қағидалары талқыланды. Іс-шара кері байланыс форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды