Марафон барысында қатысушыларға дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, сапалы ұйқы, жеке гигиена, зиянды әдеттерден бас тарту және психикалық денсаулықты сақтау жөнінде пайдалы ақпарат берілді. Сондай-ақ күнделікті өмірде денсаулықты нығайтуға көмектесетін қарапайым әрі тиімді дағдылар туралы айтылды.
Іс-шараның мақсаты – халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және пайдалы әдеттерді күнделікті өмірге енгізуге ынталандыру.
Салауатты өмір – бақытты болашақтың кепілі!