Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың онкологиялық аурулардың алдын алу, ерте анықтау және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы білімін арттыру.
Кездесу барысында қатерлі ісіктің қауіп факторлары, скринингтік тексерулерден уақытылы өтудің маңызы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және зиянды әдеттерден бас тарту арқылы аурудың алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын талқылады.
Денсаулық – баға жетпес байлық. Уақытылы тексеріліп, өз денсаулығыңызға қамқор болыңыз!
Бірге қатерлі ісікке қарсы күресейік!