Қорымыз Алматы қаласының №107 балабақша ұжымына дұрыс тамақтанудың маңызы туралы семинар ұйымдастырды.
"Ана мектебі " ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаламы КМҚК №107 бөбекжай-балабақша қызметкерлеріне арналған «Дұрыс тамақтану – сапалы өмір сүрудің маңызды көрсеткіші» атты семинар өткізілді.

Семинар барысында дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына, еңбек өнімділігіне және өмір сапасына тигізер оң әсері кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар күнделікті ас мәзірін дұрыс құру, дәрумендер мен пайдалы тағамдардың маңызы, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі қағидалары жөнінде құнды ақпарат алды.

Іс-шара барысында мамандар пайдалы кеңестерімен бөлісіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, денсаулықты сақтаудағы дұрыс тамақтанудың рөліне ерекше тоқталды.

Мұндай танымдық семинарлар ұжым арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үндейді.
13.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda