Алматыдағы №93 мектептің 3 «Ә» сыныбында «Ана мектебі» ҚҚ-ның ұйымдастыруымен дұрыс тамақтану бойынша семинар өтті.
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен және Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында жалпы білім беретін №93 мектептің 3 «ә» сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір сүру қағидаларымен таныстыру
Мазмұны: Дұрыс тамақтану, тамақтанудың денсаулыққа, білім сапасын жақсартуға тигізетін ролі, созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алуда зиянды тағамдардан бас тарту, дене белсенділігінің ролі туралы ақпарат берілді.

Семинар барысында интерактивті оқыту әдістері (кері байланыс, сергіту жаттығуы) қолданылды.
14.05.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda