"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласы Алмалы ауданының ЦПМСП базасында "Дені сау тән – дені сау рух!" тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігінің маңызы және адамның психологиялық әл-ауқаты туралы пайдалы ақпараттар айтылды.
Қатысушылар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, күнделікті өмірде белсенді болу және рухани тепе-теңдікті сақтау жөнінде маңызды кеңестер алды.
Дені сау тән – жарқын өмірдің негізі!