Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында жалпы білім беретін №93 мектептің 1 «а, ә» - сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір сүру қағидаларымен таныстыру
Мазмұны: Дұрыс тамақтану, тамақтанудың денсаулыққа, білім сапасын жақсартуға тигізетін ролі, созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алуда зиянды тағамдардан бас тарту, дене белсенділігінің ролі туралы ақпарат берілді. Семинар барысында интерактивті оқыту әдістері (кері байланыс, сергіту жаттығуы) қолданылды.
Семинарды жүргізген: Чуенбекова Ардақ Байбараққызы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауым.профессоры, м.ғ.к.