"Дұрыс тамақтану – үздік білімге бастар жол!"
"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы №8 мектеп-гимназияда (лицей) дұрыс тамақтанудың маңыздылығына арналған танымдық іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың денсаулыққа, көңіл-күйге, зейінге және оқу үлгеріміне әсері туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар күнделікті рационды дұрыс қалыптастыру, пайдалы тағамдарды таңдау және дұрыс тамақтану әдетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
23.09.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda