"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен №15 гимназиясында "Дұрыс тамақтану – үздік білімге бастар жол!" тақырыбында ақпараттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға дұрыс әрі теңгерімді тамақтанудың денсаулыққа, көңіл-күйге және оқу үлгеріміне әсері туралы пайдалы ақпарат берілді. Күнделікті ас мәзіріне пайдалы тағамдарды енгізу, дәрумендерге бай өнімдерді тұтыну және зиянды тағамдарды шектеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Дұрыс тамақтану – дені сау, белсенді және білімге құштар ұрпақтың негізі!