Қауіпсіздік - саналы таңдаудан басталады!
Алматы қаласындағы №22 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға өмір мен денсаулықтың қадірі, күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы және әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар қауіп-қатердің алдын ала білу, сақтық таныту және өзгенің өміріне құрметпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қауіпсіздік - жай ғана ереже емес, өмірге деген жауапкершілік.
Сақтық таныту - өз өміріңді де, өзгенің өмірін де қорғау!


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
06.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda