М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясының 3-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында балаларға жолда, мектепте, ойын алаңында және күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар абай болу, қауіпті жағдайларды алдын ала байқау және үлкендерден көмек сұрай білу дағдыларына назар аударылды.
Қауіпсіздік ережесін білу - өзіңді және өзгелерді қорғаудың алғашқы қадамы!