Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша және "Ана мектебі " ҚҚ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында КМҚМ №107 бөбекжай-балабақшаның мектепалды даярлық «Тұлпар» тобында «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: тәрбиеленушілерді салауатты өмір сүру қағидаларымен таныстыру, дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Дұрыс тамақтану, зиянды тағамдардан бас тарту, дене белсенділігінің ролі туралы ақпарат берілді.
Семинар барысында интерактивті оқыту әдісі (ойын) қолданылды.
Семинарды жүргізген: Чуенбекова Ардақ Байбараққызы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, академик Т.Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының қауым.профессоры, м.ғ.к.