М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясының 5-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.
Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлерден сақтану, жол қозғалысы ережелерін сақтау, мектептегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын орындау туралы маңызды ақпарат берілді.
Кейде қарапайым ғана сақтықтың өзі үлкен қауіптің алдын алады.
Сондықтан әрбір әрекетіміз ойлылық пен жауапкершілікке негізделуі керек.