Қауіпсіз мінез-құлық: №38 гимназия
жоғары сынып оқушыларымен кездесу
М.В. Ломоносов атындағы №38 Қазақстан-Ресей гимназиясының 9-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге жол-көлік оқиғаларының, тұрмыстық және спорттық жарақаттардың алдын алу, қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтау және қауіпті жағдайда дұрыс шешім қабылдау мәселелері түсіндірілді.

Қауіпсіздік - тек ережелер жиынтығы емес, ол өз өміріңе,
айналаңдағы адамдарға деген құрмет пен жауапкершіліктің көрінісі.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
07.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda