"Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен №23 мектеп-гимназиясында "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлерден сақтану, жол қозғалысы ережелерін сақтау, мектепте, үйде және қоғамдық орындарда қауіпсіз әрекет ету жолдары түсіндірілді.
Өйткені қауіпсіздік қарапайым әдеттерден басталады: айналаңа мұқият қарау,
асығыс шешім қабылдамау, ережелерді сақтау және өз әрекетіңе жауапкершілікпен қарау.