№18 гимназияның 4-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру
жұмысы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылар жолда, мектепте, ойын алаңында және үй жағдайында қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығымен танысты. Қауіпті жағдайларды дер кезінде байқау, ойланбай әрекет етпеу және қажет кезде көмекке жүгіну мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Балаларға қауіпсіздік тек ережені білу емес,
оны күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу екенін түсіну маңызды.