Өмір жолында дұрыс шешім қабылдау, тәуекелді бағалау және өз әрекетіңнің салдарын
түсіну - ересек өмірге бастар маңызды қадамдар.
"Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен №18 гимназияның 11-сынып оқушыларына "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында жол-көлік оқиғаларының, тұрмыстық және спорттық жарақаттардың алдын алу, қоғамдық орындарда қауіпсіздік талаптарын сақтау және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету мәселелері талқыланды.
Жасөспірім шақ - дербестік пен жауапкершілік қалыптасатын кезең. Сондықтан қауіпсіздік мәдениетін меңгеру - бүгінгі күннің ғана емес, болашақ өмірдің де маңызды талабы.