Болашаққа сенімді қадам басу үшін
бүгіннен бастап өз денсаулығыңа қамқор бол!
№138 гимназияның 11-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының
ұйымдастыруымен "Дені сау болу - сәнді!" тақырыбында танымдық кездесу өткізілді.

Кездесуде салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар денсаулықты сақтаудың жеке жауапкершілікпен және саналы шешім қабылдаумен тығыз байланысты екеніне назар аударылды.

Түлек атануға қадам басқан жастар үшін денсаулық - тек бүгінгі қажеттілік емес,
ертеңгі мақсаттарға жетудің де маңызды негізі.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
12.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda