«Дені сау болу — сәнді»:
№138 гимназия түлектерімен кездесу
"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен №138 гимназияның 11-сынып оқушыларына
"Дені сау болу - сәнді" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.

Оқушылармен денсаулықты нығайтудың тиімді жолдары, күнделікті пайдалы әдеттер, дұрыс тамақтану және
зиянды әрекеттерден бас тартудың маңызы туралы әңгіме өрбіді.

Өмірдің жаңа белесіне қадам басқалы тұрған жастар үшін ең маңызды міндеттердің бірі - өзіне қамқор болуды үйрену. Себебі үлкен армандарға жету үшін денсаулық пен жігер қажет.

Сән өзгереді, ал денсаулықтың құндылығы ешқашан өзгермейді!
Салауатты өмір салтын таңдау - өз болашағыңа жасалған ең жақсы инвестиция.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
12.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda