"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастырумен №138 гимназияның 2-сынып оқушыларына "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық тақырыбында танымдық түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында оқушыларға жолдан өту ережелері, мектепте және үйде абай болу, ойын кезінде сақтық таныту, қауіпті заттарға жоламау және қажет жағдайда үлкендерден көмек сұрау керектігі түсіндірілді.
Қауіпсіздік - кішкентай кезден қалыптасатын маңызды дағды.
Әр баланың сақтықты үйренуі өз өмірін қорғауға жасалған алғашқы қадам.