№138 гимназияның 2-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастастырумен "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Балаларға күнделікті өмірде кездесетін қауіптердің алдын алу, жолда жүру кезінде мұқият болу, баспалдақта жүгірмеу, ойын алаңында тәртіп сақтау және бейтаныс заттарға қол тигізбеу туралы айтылды.
Әрбір бала өзінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды үйренсе,
айналасындағыларға да қамқор бола алады.
Өйткені қауіпсіз орта - ортақ жауапкершіліктің нәтижесі.