№138 гимназияның 2-сынып оқушыларына
арналған қауіпсіздік сабағы
№138 гимназияның 2-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жарақаттанудың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық" тақырыбында танымдық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Кездесу барысында оқушыларға жолда жүру ережелерін сақтау, мектепте және үйде абай болу, ойын кезінде қауіпсіздік талаптарын орындау және қауіпті жағдайларда үлкендерден көмек сұрау қажеттілігі түсіндірілді.

Балаларға сақтық таныту, әр әрекетті ойланып жасау және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау күнделікті өмірдің маңызды бөлігі екені айтылды.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
12.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda