"Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен №25 гимназияның 2-сынып оқушыларына
"Дені сау болу - сәнді!" тақырыбында танымдық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Кездесу барысында балаларға дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, белсенді қимылдау және күн тәртібін ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Денсаулықты күту кішкентай қадамдардан басталады. Пайдалы тағам таңдау, таза жүру, уақытылы ұйықтау және достармен белсенді ойын ойнау - дені сау болудың қарапайым қағидалары.