"Ана мектебі" қоғамдық қорының қатысуымен №25 гимназияның 11-сынып оқушыларына
"Дені сау болу — сәнді!" тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, жеткілікті ұйқы, күйзелісті басқару
және темекі мен басқа да зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.
Болашақ түлектер үшін денсаулыққа жауапкершілікпен қарау - саналы өмірдің маңызды бөлігі.
Бүгін қалыптасқан пайдалы әдеттер ертеңгі жетістіктерге жол ашады.