Денсаулық — ең қымбат байлық!
Астана қаласындағы №95 мектеп-гимназиясында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 3-сынып оқушыларына арналған "Денсаулықтың алтын ережелері!" тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.

Балалық шақтан қалыптасқан пайдалы әдеттер - салауатты өмірдің берік негізі. Кездесу барысында оқушылар дұрыс тамақтанудың, жеке бас гигиенасын сақтаудың, күн тәртібін ұстанудың және белсенді қимыл-қозғалыстың маңыздылығымен танысты.

Балалар денсаулықты сақтау әр адамның өз қолында екенін түсініп,
күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді ұстанудың маңызын ұғынды.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
13.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda