№95 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары арасында
"Денсаулықтың алтын ережелері!" тақырыбында ағартушылық
кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - оқушылардың денсаулық туралы білімін кеңейтіп, салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында дұрыс әрі құнарлы тамақтану, тазалық сақтау, жеткілікті ұйықтау, спортпен шұғылдану және зиянды әдеттерден аулақ болу мәселелері талқыланды. Оқушылар денсаулықты нығайтатын күнделікті әрекеттердің адам өміріндегі орнын түсінді.