Астана қаласындағы №95 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына "Денсаулықтың алтын ережелері!" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Жасөспірімдік кезеңге қадам басқан оқушылар үшін денсаулықты сақтау қағидаларын білу ерекше маңызды. Дәріс барысында дұрыс тамақтану, жеке гигиена, күн тәртібі, дене белсенділігі және ұйқының адам ағзасына әсері туралы мағлұмат берілді.
Сонымен қатар, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, пайдалы әдеттерді қалыптастыру және зиянды әрекеттерден аулақ болу мәселелеріне назар аударылды.