№95 мектеп-гимназиясындағы 7-сынып
оқушыларына арналған денсаулық сағаты
"Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен №95 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушыларына арналған "Денсаулықтың алтын ережелері!" тақырыбындағы дәріс салауатты өмір салтының маңызын түсіндіруге бағытталды.

Денсаулықты сақтау - тек белгілі бір ережелерді білу емес, оларды күнделікті өмірде саналы түрде қолдану. Кездесу барысында теңгерімді тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, ұйқы режимі, жеке гигиена және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері қарастырылды.

Оқушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың, дұрыс шешім қабылдаудың және денсаулыққа пайдалы орта қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
13.10.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda