"Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен Nurorda Almaty жеке мектебінің 9-сынып оқушыларына арналған "Дені сау болу - сәнді!" тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Қазіргі заманда салауатты өмір салтын ұстану - тек жақсы әдет қана емес, өзіңе деген құрмет пен болашағыңа деген жауапкершіліктің белгісі. Жасөспірімдік кезеңде қалыптасқан дағдылар адамның денсаулығы мен өмір сапасына тікелей әсер етеді.
Кездесу барысында дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі, жеткілікті ұйқы, жеке гигиена және зиянды әдеттердің алдын алу мәселелері талқыланды. Оқушыларға денсаулықты сақтаудың күнделікті қағидалары түсіндіріліп, өз өмір салтына саналы көзқараспен қараудың маңыздылығы атап өтілді.