Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша "Ана мектебі" ҚҚ ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында 2026 жылдың 18 мамырында қаланың жалпы білім беретін № 181 мектептің 9 сынып білім алушылары арасында «Сау болу – сәнді» атты танымдық дәріс жүргізілді.
Дәрістің мақсаты өскелең ұрпақта салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы денсаулықты нығайту, сәнді болу, жетістікке жету мүмкіндігін түсіндіру. Зиянды әдеттерден бас тартып, белсенді өмір сүрудің маңыздылығы туралы баяндалды.