«Ана мектебі»: «Медсервисхирургия» ЖШС-де кездесу өтті
Алматы қаласы , 7-шағын аудан, 3-үй мекенжайында орналасқан "Медсервисхирургия" ЖШС ұжымымен "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен денсаулықты сақтау және аурулардың алдын алу тақырыбында ақпараттық-ағартушылық кездесу өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – әр адамның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру, аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын насихаттау.

Кездесу барысында денсаулықты нығайту, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, зиянды әдеттерден аулақ болу, профилактикалық тексерулерден уақытылы өту мәселелері қозғалды.

Өйткені денсаулық – адам өміріндегі ең қымбат байлық.
Ал оның қадірін білу және сақтау – әрқайсымыздың қолымызда!


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
04.11.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda