Алматы қаласындағы №113 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларына "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен вакцинация және жұқпалы аурулардың алдын алу тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді.
Кездесу барысында жасөспірімдерге вакцинацияның маңызы, иммунитетті қалыптастырудағы рөлі, жұқпалы аурулардың таралу жолдары және олардың алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар екпе туралы қоғамда кездесетін қате түсініктер мен жалған ақпараттарға сыни көзқараспен қарау, денсаулыққа қатысты дұрыс шешім қабылдау мәселелері талқыланды.
Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарау – саналы өмірдің бастауы.