№113 мектептің 11-сынып оқушыларымен
өткен вакцинация сағаты
Алматы қаласындағы №113 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушылары арасында "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен вакцинацияның маңыздылығы мен жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге вакцинацияның адам өмірі мен қоғамдық денсаулықты қорғаудағы маңызы, инфекциялық аурулардың алдын алу жолдары және профилактикалық екпелердің қажеттілігі түсіндірілді.

Әсіресе, болашаққа қадам басқалы отырған түлектердің денсаулық сауаттылығын арттыру, медициналық ақпаратты дұрыс саралау және өз денсаулығына саналы түрде жауапкершілікпен қарау мәселелеріне назар аударылды.


Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тапсырысымен.
04.11.26
Бізбен хабарласыңыз:
anamektebi29@gmail.com
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сырымбет 6
Made on
Tilda