Алматы қаласындағы №6 қалалық емханада "Ана мектебі" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлеріне арналған «Қант диабеті бақылауда" тақырыбында ақпараттық-ағартушылық кездесу өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қант диабетінің алдын алу, ауруды ерте анықтау және оның асқыну қаупін төмендету бойынша ақпараттандыру, сондай-ақ денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында қант диабетінің қауіп факторлары, қандағы қант деңгейін тұрақты бақылаудың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және салауатты өмір салтын ұстану мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар диабетпен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету, ауруды басқарудағы медициналық бақылау мен профилактикалық шаралардың рөліне ерекше назар аударылды.